Мұсхафтағы 111-сүре, 5 аят, 603-беттен басталады.
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
1. Әбу Ләһаптің екі қолы құрысын!Құрыды да.
2. Оның малы да кәсібі де өзіне пайда бермеді.
3. Ол,жалындаған отқа кіреді.
4. Әйелі, отын көтеріп кіреді.
5. Оның мойнында есілген арқан болады.
Мағына аудармасы: Kazakh Translation - Khalifa Altai, 1.0.0-нұсқа, QuranEnc.com сайтынан өзгеріссіз жарияланды. (QuranEnc.com)
Аударма Құранның мағыналарын жеткізеді, бірақ Құранның өзі емес; Құран — жоғарыдағы арабша мәтін.