Мұсхафтағы 112-сүре, 4 аят, 604-беттен басталады.
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
1. (Мұхаммед Ғ.С оларға) айт: Ол Алла,біреу-ақ.
2. Алла мұңсыз. (Әр нәрсе Оған мұхтаз)
3. Ол,тумады да туылмады.
4. Әрі оған ешкім тең емес.
Мағына аудармасы: Kazakh Translation - Khalifa Altai, 1.0.0-нұсқа, QuranEnc.com сайтынан өзгеріссіз жарияланды. (QuranEnc.com)
Аударма Құранның мағыналарын жеткізеді, бірақ Құранның өзі емес; Құран — жоғарыдағы арабша мәтін.