Мұсхафтағы 1-сүре, 7 аят, 1-беттен басталады.
1. Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
2. Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаға тән.
3. аса Қамқор, ерекше Мейірімді.
4. Қиямет күнінің иесі.
5. (Әй Алла!) Саған ғана құлшыдық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз!
6. Бізді тура жолға сала көр!
7. Нығметке бөленгендеріңнің жолына! Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес!
Мағына аудармасы: Kazakh Translation - Khalifa Altai, 1.0.0-нұсқа, QuranEnc.com сайтынан өзгеріссіз жарияланды. (QuranEnc.com)
Аударма Құранның мағыналарын жеткізеді, бірақ Құранның өзі емес; Құран — жоғарыдағы арабша мәтін.