Мұсхафтағы 101-сүре, 11 аят, 600-беттен басталады.
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
1. Зор уақиға,
2. Ол зор уақиға не нәрсе?
3. Ол зор уақиғаның не екенін білесің бе?
4. Ол күні адам баласы таралған паруандай болады.(54-С.7-А)
5. Таулар түтілген жүндей болады.
6. Міне сонда біреудің таразысы ауыр тартса,
7. Онда ол,разы болатын бір тіршілікте болады.
8. Ал енді біреудің таразысы жеңіл тартса,
9. Онда оның орны «һауя» болады.
10. Ол һауяның не екенін білесің бе?
11. Ол,жалындаған от.
Мағына аудармасы: Kazakh Translation - Khalifa Altai, 1.0.0-нұсқа, QuranEnc.com сайтынан өзгеріссіз жарияланды. (QuranEnc.com)
Аударма Құранның мағыналарын жеткізеді, бірақ Құранның өзі емес; Құран — жоғарыдағы арабша мәтін.