Тартил логотипіТартилТікелей эфир

Бәләд сүресі: мәтіні және мағына аудармасы

Мұсхафтағы 90-сүре, 20 аят, 594-беттен басталады.

Қирағаттарын тыңдауБұл сүрені Мұсхафта тәпсірімен оқу‹ Фәжр сүресіШәмс сүресі ›

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

1. Жоқ,осы(Мекке) қаласына ант етемін;

2. (Мұхаммед Ғ.С) сен осы қалада отырасың.

3. Әкеге,балаға (Адам Ғ.С мен балаларына) серт!

4. Расында адамзатты әбігер жараттық.

5. Өзіне біреудің күші жетпейді деп ойлай ма?

6. «Толып жатқан мал ысырап еттім» дейді.

7. Оны біреу көрмеді дей ойлай ма?

8. Оған екі көз жаратпадық па?

9. Әрі бір тіл,екі ерін ?

10. Оған екі жол көрсетпедік пе?

11. Сонда ол,кедергіні асуға тырыспады.

12. Кедергінің не екенін қайдан білесің?

13. Ол;құл азат ету,

14. Немесе ашаршылық күнде тамақтандыру;

15. Жақындағы болған бір жетімді,

16. Немесе шаң топырақтағы сорлыны.

17. Сосын иман келтіріп,бір-біріне сабыр меңзегендерден және өзара мейірімділік кеңесін бергендерден болу.

18. Міне осылар; оңшылдар.

19. Сондай аяттарымызға қарсы шыққандар,олар; солшылдар.

20. Олар тозаққа қамалады.

Мағына аудармасы: Kazakh Translation - Khalifa Altai, 1.0.0-нұсқа, QuranEnc.com сайтынан өзгеріссіз жарияланды. (QuranEnc.com)

Аударма Құранның мағыналарын жеткізеді, бірақ Құранның өзі емес; Құран — жоғарыдағы арабша мәтін.

Қирағаттарын тыңдауБұл сүрені Мұсхафта тәпсірімен оқу‹ Фәжр сүресіШәмс сүресі ›