Тартил логотипіТартилТікелей эфир

Тариқ сүресі: мәтіні және мағына аудармасы

Мұсхафтағы 86-сүре, 17 аят, 591-беттен басталады.

Қирағаттарын тыңдауБұл сүрені Мұсхафта тәпсірімен оқу‹ Буруж сүресіАълә сүресі ›

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

1. Аспанға,Тарыққа серт.

2. (Мұхаммед Ғ.С) Тарық не екенін қайдан білесің?

3. Ол,жарқыраған жұлдыз.

4. Әркімнің үстінде бір бақылаушы бар. (11С.56А.)

5. Ал енді адамзат неменеден жаратылғанына бір қарасын;

6. Бір атылып шыққан судан жаратылған.

7. Ол,бел сүйек пен кеуде сүйектің арасынан шығады.

8. Сөз жоқ. Алла адамзатты қайта тірілту күшіне ие.

9. Сол күні сырлар ашылады.

10. (Ол күні) адам баласына күш те көмекші де болмайды.

11. Қайталай жаңбырлатқан аспанға серт.

12. Жаралып өсімдік шығаратын жерге серт.

13. Негізінен Құран бір билік сөз.

14. Ол,бір сықақ емес.

15. Шын мәнінде олар бір сығандық істеуде.

16. Сығандығына шара көремін.

17. (Мұхаммед Ғ.С) қарсы келушілерге мұрсат беріп,аз еркіне қой.

Мағына аудармасы: Kazakh Translation - Khalifa Altai, 1.0.0-нұсқа, QuranEnc.com сайтынан өзгеріссіз жарияланды. (QuranEnc.com)

Аударма Құранның мағыналарын жеткізеді, бірақ Құранның өзі емес; Құран — жоғарыдағы арабша мәтін.

Қирағаттарын тыңдауБұл сүрені Мұсхафта тәпсірімен оқу‹ Буруж сүресіАълә сүресі ›